Көрмеге кімдер қатыса алады:
- «Даму» Қорының бағдарламалары аясында бизнес ашып немесе кәсібін дамытуға мемлекеттен қолдау алған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер
- «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша бизнес ашып немесе кәсібін дамытуға мемлекеттен қолдау алған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер;
- Көрменің демеушілері;
Ұйымдастырушылар көрмеге қатысушыларға не ұсынады
- Ұйымдастырушы бекіткен схемаға байланысты көлемі 6 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі 1 көрме стенді.
- Бүкіл стенд еденін жабатын кілем;
- Стендтің периметріндегі қабырғалар (ақ);
- Фриз панель (ақ);
- Фриз жазу (компанияның атауы, аймағы, қолдау түрі);
- Қатысушының өтінімі бойынша 1 үстел, 70см*70см немесе 120см * 70см;
- 2 орындық;
- Жарық (2 спот-бра, 60 Вт);
- Қағаз тастайтын себет;
Кепілдік жарна
- Кепілдік жарна міндетті. Ол қайтарылады және әр қатысушы төлейді.
- Кепілдік жарнаның мөлшері тиісті қаржы жылындағы 10 АЕК құрайды.
- Кепілдік жарнасы: 1) қатысушының белгіленген кесте бойынша, көрме өтетін күндері безендірілген көрме стендінде тұратынына; 2) ұсынылатын көрме жабдығының сау сақталуына; 3) көрме ғимараты меншік иелерінің үй-жайдың бүлінбей сақталуы және аумақта жүріп-тұруға қоятын талаптарының мүлтіксіз орындалуына кепіл ретінде алынады.
- Қатысушыға кепілдік жарна мынадай жағдайларда қайтарылмайды: 1) қатысушы белгіленген кесте аясында, көрме өтетін күндері безендірілген көрме стендінде 2 немесе одан көп сағат тұрмағанда; 2) көрме жабдығы бүлінгенде; 3) көрме ғимаратын бүлдіргенде; 4) көрме ғимараты меншік иелері қоятын талаптарды орындамағанда.
Көрме стендтерін және демонстрациялық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
- Көрмеге қатысушылар ұсынылған көрме стендін барынша толық және эстетикалық жағынан көрнекі етіп безендіруі тиіс
- Қағидалардың 22-тармағында көрсетілмеген қосымша жабдық қою мен стендті өз қалауынша безендіру қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Көрме стендін безендіру үшін көрмеге қатысушылар жарнама конструкцияларын, баннерлерді, экспонаттардың макеттері мен эскиздерін, сондай-ақ жарнамаланатын тауарларды пайдалана алады.
- Тауарлар мен қызметтерді насихаттау үшін көрмеге қатысушылардың брошюралары, буклеттері, визиткалары және басқа да жарнамалық материалдары болуы қажет.
Маңызды:
- Стендті өз бетінше безендіру және тізбеге кірмейтін қосымша жабдық қою қатысушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады
- Өз бетінде стенд құру кезінде ұйымдастырушылардың стендтерді безендіруге қойылатын талаптарын, сондай-ақ электротехника, сантехника, өртке қарсы талаптары ескерілу қажет